Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды және барша Қазақстан халқын ұлттық мерекеміз - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті тәуелсіздіктің 27 жылы ішінде еліміз өзінің даму жолында зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Елбасы егемен мемлекетіміздің құрылу тарихында Қазақстанның жас астанасының маңызды рөл атқарғанына айрықша тоқталды.

«Еуразияның жүрегінде орналасқан жаңа елорда жаңғырған Қазақстанның символы саналады. Биыл Астанамыздың 20 жылдығын еліміздің барлық өңірімен бірге жоғары деңгейде атап өттік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

null Мемлекет басшысы Қазақстанда жүргізілген ауқымды нарықтық реформалар миллионнан астам азаматтарымыздың кәсіпкерлік қабілеттерін экономикаға жұмылдыруға жол ашқанын айтты.

«Экономиканы жүйелі индустрияландыру өңдеу өнеркәсібінің үлесін айтарлықтай арттыруға септігін тигізді. Бүгінде мұндағы өнім көлемі шамамен 9,5 триллион теңгені құрап отыр», - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы көлік-логистика инфрақұрылымына тартылған инвестицияның арқасында Қазақстан құрлықтық маңызы бар транзиттік хабқа айналғанын атап өтті.null

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар саны 15 есе азайып, ал нақты еңбекақы 4 есе артқанын айтты.

«Егемен Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі - халқымыздың нақты саны 18 миллионнан асып, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетуі. Осы маңызды жеңістеріміз бен игі нәтижелеріміз біз таңдаған бағыттың дұрыс болғанын растап отыр», - деді Мемлекет басшысы.null

Қазақстан Президенті 2018 жылы еліміздің сыртқы саясатта да, жаңғыру бағдарламаларын іске асыру аясында да қол жеткізген басты қорытындыларына тоқталды.

«Біздің жауапты әрі сындарлы сыртқы саясатымыз әлемдік аренадағы өз орнымызды күшейтуге айтарлықтай мүмкіндік берді. Қазақстанның жемісті бітімгерлік қызметі Астанадағы Сирияаралық келіссөздердің нәтижелі болуына септігін тигізді», - деді Елбасы.null 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын, «Астана хаб» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркін және Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығын іске қосу жөніндегі жұмыстардың нәтижелеріне назар аударды.

«Барлық жетістігіміздің негізі қоғамыздағы бірлік пен келісім екенін біз әрдайым білуіміз керек. Этносаралық және конфессияаралық дамудың қазақстандық моделі бүгінде халықаралық брендке айналды», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміздегі соңғы бастамалардың барлығы тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуге және жоспарлы түрде әл-ауқатты өсіруге бағытталғанын атап өтті.

«Әлеуметтік саланы кешенді жаңғырту - біздің маңызды бағытымыз. Тәуелсіздік жылдары миллионға жуық азаматымыз баспаналы болды. Біз жуырдағы 5 жыл ішінде 70 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй саламыз. Бұл шамамен тағы екі миллионға жуық қазақстандық баспаналы болады деген сөз», - деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің қазіргі буыны уақыт талабына лайықты жауап беріп, Қазақстандағы әрбір отбасының амандығы мен берекесін қамтамасыз ете алатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram