Нұрсұлтан Назарбаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Elbasy.kz.

«Алматы қаласының әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, қаза тапқан әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін» делінген Елбасының жеделхатында.

Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Кейіннен Алматы дәрігерлері ұшақ апатынан жапа шеккен екі адамның денсаулығы қалай екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар