Нұрсұлтан Назарбаевтың жерлесі Тұңғыш Президенттің балалық шағы туралы айтты

ШАМАЛҒАН. ҚазАқпарат -83 жастағы қария Құлахмет Шәріпов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бала кезде қандай болғаны туралы айтты, деп ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Елбасының жергілікті тұрғындармен кездесуі «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының алдында өтеді. Дәл осы уақытта жергілікті халық Елбасымен кездесу үшін орталық алдына жиналуда.

«1944 жылы біз осы ауылға көшіп келдік. Бір қарт кісімен бірге тұрдық. Мектепке Елбасымен бірге оқып, бірге ойнадық. Шамалған өзенінде мұз қатқанда конькимен сырғанақ теуіп, асық ойнайтынбыз. Ауылдағы ақсақалдарымыз ылғи Нұрсұлтанды көргенде оның үлкен азамат болатынын болжайтын. Шынымен де солай болды. Біз оны мақтан тұтамыз. Менің жасым 82-де, зейнетақым бар алып жатқан. Балаларым жұмыс істеп, өсіп келе жатыр»,- деді жерлесі Құлахмет Шәріпов.

Еске салсақ, наурыз айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға сапарлап келген болатын. Алматы әуежайында ҚР Тұңғыш Президентін жастар гүл шоқтарымен қарсы алды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізді.

Соңғы жаңалықтар