Нұрсұлтан Теміров әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері болды

АСТАНА. KAZINFORM — Нұрсұлтан Теміров әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.

Нұрсұлтан Теміров
Фото: instagram.com/ kazwrestling_official

Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, Нұрсұлтан Теміров еңбек жолын 2014 жылы бастады.

Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбектенді.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрсұлтан Теміров – әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова және басқа спортшылардың жеке бапкері.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жәмилә Бақбергенованың Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар