Нұртас Кәріпбаев Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
АСТАНА. KAZINFORM – Нұртас Кәріпбаев Қазақстан Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
– Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Нұртас Ғалымұлы Кәріпбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Ол бұл қызметке 2024 жылы тағайындалған.
Нұртас Кәріпбаев 1986 жылы 20 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін бітірген.
Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Қарағанды облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы және Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы мемлекеттік мекемелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2022-2024 жылдары Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болды.