Нұртай Әбіқаев, Дариға Назарбаева, Қуаныш Сұлтанов І дәрежелі Барыс орденімен марапатталды

«Бүгін еңбек ардагері, көрнекті мелмекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбек пен танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева және көрнекті жазушы Сәбит Досанов «Отан» орденімен марапатталатын болды.
І дәрежелі Барыс орденімен мемлекет және қоғам қайраткерлері – Нұртай Әбіқаев, Дариға назарбаева, Қуаныш Сұлтанов және белгілі ғалым Тілектес Есболов марапатталды. Сондай-ақ, І дәрежелі «Барыс» ордені «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав Валиевке беріледі», - деді Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар иегерлерін марапаттау рәсімінде.
Сондай-ақ ENRC PLC компаниясының акционері – негізін қалаушы Александр Машкевичке, Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКК филиалының директоры Алтынбек Қоразбаевқа, еңбек ардагерлері: Н.Есенғарин, Т.Сүлейменов және З.Федотоваға І дәрежелі «Барыс» ордені берілді.
Айта кетейік, Ақордада Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ел азаматтарына алғыс айтқан еді.
Сондай-ақ еліміздің ең жоғары атағы – «Қазақстанның еңбек ері» марапаты үш адамға табыс етілді.