18:41, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Нұртай Әбіқаев Мемлекет басшысына ҰҚК-нің ағымдағы қызметі жайлы баяндады
АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Н.Әбіқаев ПрезиденткеҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ағымдағы қызметі туралы, сондай-ақ ведомство алдында тұрған міндеттердің орындалу барысы жайлы баяндады.