Нұртілеу мен Лавров Қырғызстанда не талқылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында кездесті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Что обсуждали Нуртлеу и Лавров в Кыргызстане
Фото: ҚР СІМ

ҚР СІМ мәліметінше, тараптар саяси және экономикалық салалардағы, транзиттік-транспорттық және энергетикалық бағыттардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар екі елдің халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

Әңгіме барысында аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылып, жоғары және аса жоғары деңгейлерде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесі келісілді.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Чолпон-Атада Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар