09:48, 03 Маусым 2017 | GMT +5
Нұрзат Сабиров кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабиров Канадада өткен кәсіпқой бокста жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық пен оның қарсыласы польшалық Касьян Инглот арасындағы бокс бәсекесі Канаданың Тетфорд-Майнс қаласында өтті. Жартылай ауыр салмақта боксшылардың бәсекесі 4 раундқа есептелген болатын. Алайда қазақстандық оғлан қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді.
Еске сала кетейік, бұл Нұрзат Сабировтың кәсіпқой бокстағы бірінші бәсекесі және алғашқы жеңісі.