11:44, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
Нұржамал Үсенбаева Қостанайда жеке концертін берді
ҚОСТАНАЙ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева өзінің 25 жылдық шығармашылық қызметіне арналған үлкен гастрольдік сапары аясында Қостанайда жеке концертін берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Нұржамал Үсенбаева тамаша опера әншісі ретінде әлемге кең танылған. Ерекше сопрано дауысты Н.Үсенбаеваны атақты театрлардың сахналары қашан да құшақ жая қарсы алады. Оның репертуарында Вердидің, Бизенің және Римский-Корсаковтың операларынан ариялар бар. Еліміз қалалары бойынша жасайтын өзінің сапарын Н.Үсенбаева наурыздың аяғында Алматыда өтетін үлкен мерейтойлық концертпен аяқтайды.