Нью-Делидегі жарылыс: қаза тапқандар саны 9 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбінің кешінде Үндістан астанасы Нью-Делидің адам көп жүретін бөлігінде бағдаршамда автокөлік жарылды. Қаза тапқандар мен жараланғандар саны артып келеді, деп хабарлайды Euronews.
Телеарнаның дерегінше, Үндістан астанасының орталығында көлік жарылысынан қаза тапқандар саны артып келеді, дүйсенбі күнгі кешкі жағдай бойынша 9 адамның қаза тапқаны және 20-дан астам адамның жараланғаны хабарланды.
Оқиға метро станциясы мен Нью-Дели ескi қаласындағы тарихи Лал Кила кешенінің маңында болды. Жағдайға лаңкестікке қарсы жасақ қызметкерлері мен полицияның арнайы бөлімшесі баға беру үшін тиісті жұмыстарын жүргізіп жатыр, олар лаңкестік әрекетпен қоса өзге де барлық нұсқаны қарастырып отыр.
That familiar evening traffic noise? Today, it was replaced by a window-shattering blast. The chaos near Delhi's Red Fort is a tragedy no one should face.
— ᗩᗩKᗩᔕᕼ • The Clarity Feed (@akashBlimitless) November 10, 2025
A high-intensity explosion ripped through a parked car, killing at least 8 people and injuring many.
The capital....
1/4 pic.twitter.com/6GhNrWcYRN
Белгілі болғандай, жарылыс жергілікті уақытпен шамамен 18:40 кезінде бағдаршамға тоқтаған, баяу келе жатқан көлікте болған. Салдарынан алты машина мен үш моторикша өртенді.
A car explosion in the heart of the #Indian capital on Monday killed and injured several people, #NewDelhi's police chief said without providing an exact figure https://t.co/iFjq38UMWf pic.twitter.com/bWzswFOHup
— Arab News (@arabnews) November 10, 2025
Нью-Делидегі бұл қайғылы жағдай Фаридабадта (Харьяна штаты) көп мөлшерде жарылғыш заттар мен қару сақталған жасырын қойма табылғаннан бірнеше сағат өткен соң болған. Полиция мұны исламшыл қарулы топтардың белсенділігімен байланыстырып отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістанда автомобиль жарылысы салдарынан кемінде 8 адам қаза тапқанын жаздық.