Нью-Мексикодағы су тасқыны: қаза тапқандар бар
АСТАНА.KAZINFORM — Сейсенбі күні Нью-Мексико штатында нөсер жаңбыр жауып, соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды CBS News.

Жергілікті биліктің мәліметінше, үш адам қаза тауып, тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалған. Бірақ нақты саны әлі белгісіз.
Он шақты жолдың опырылуына байланысты жабылды, су тартылған соң тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Нью-Мексиконың ішкі қауіпсіздік және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Даниэль Силва Associated Press агенттігіне төтенше жағдайлар қызметі кем дегенде 85 құтқару жұмыстарын жүргізгенін айтты.
Руидосо тұрғыны Кейтлин Карпентердің әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ағынды судың тұтас үйді ағызып әкеткенін көруге болады.
Бұған дейін Трамп көршілес Техас штатында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жариялаған болатын.