Нью-Йорк мэрі осыдан 30 жыл бұрын зорлық жасады деп айыпталып отыр

Мэрия өкілі Адамстың онымен қашан кездескені есінде жоқ екенін және айыптауларды жоққа шығарғанын айтты.
Сотқа арыз сәрсенбі күні кешке Нью-Йорк штатында 2022 жылы қабылданған Adult Survival Act («Зардап шеккен ересектер туралы») заңына сәйкес түсті.
Бұл заң штат заңнамасына өзгеріс енгізіп, мерзімі өтіп кеткен сексуал қылмыс құрбандарына 2022 жылдың 24 қарашасынан бастап бір жыл ішінде азаматтық арыз беруге мүмкіндік берді.
Арызданушының қорғаушысы бұл заңның маңызын, көп әйелге әділдікке жетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Адамс айыпталып отырған кезеңде Нью-Йорк полициясында қызмет еткен.
Бейсенбі таңертең мэрия өкілі мәлімдеме жариялады.
«Мэр ол адамның кім екенін білмейді. Егер олар бір кездері кездескен болса да есінде жоқ. Бірақ ол басқа адамға физикалық зарар келетін әрекетке ешқашан бармас еді және мұндай кез келген айыптауды жоққа шығарады», — делінген мәлімдемеде.