Нью-Йорк мэріне айып тағылды
АСТАНА.KAZINFORM — Бір айға созылған федералды тергеуден кейін Нью-Йорк мэрі Эрик Адамсқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады CNN.

Манхэттендегі АҚШ прокуратурасы оның түрік шенеуніктері мен кәсіпкерлерімен байланысын, сондай-ақ сайлау науқанында алған жарнасын мұқият тексерді.
Саясаткерге тағылған айыптар әзірге айтылмай отыр.
Бұрын Эрик Адамс кез келген заңбұзушылықты жоққа шығарып, науқанына қатысқан адамдар мен әкімшілігінің мүшелерін заңды сақтауға шақырғанын жиі айтатын.
— Мен әрқашан Нью-йорк халқы үшін өз ұстанымымды жақтайтын болсам, нысанаға айналатынымды білетінмін және нысанаға айналдым да. Маған кінә тағатын болса, өзімді ақтап алу үшін бар күшімді саламын, өйткені менің еш кінәм жоқ, — деді Эрик Адамс.
Өзі туралы айыптау қорытындысы жария болған кезде Адамс мэрдің ресми резиденциясы Грейси сарайында болатын.
Бұл айыптау Американың ең ірі қаласы мэрінің беделіне теріс әсер етті, өйткені оның лауазымы елдегі ең ықпалдылардың бірі саналады.
Федералды айып оның қызметінде қалатын-қалмайтынын шешеді және алдағы саяси мансабына қауіп төндіреді.
Бұрынғы полиция капитаны Эрик Адамс бұл қызметке 2022 жылы қаңтарда тағайындалған.
Live Now: https://t.co/dBj6PRBsIg
— Mayor Eric Adams (@NYCMayor) September 26, 2024