Нью-Йорк полициясы Вашингтондағы атыстан кейін діни нысандардағы қауіпсіздікті күшейтеді

Нью-Йорк құқық қорғау органдары  Вашингтондағы Capital Jewish Museum (Еврейлер мұражайы) маңында болған атыстан кейін діни нысандар мен мәдениет мекемелерінің қауіпсіздігін күшейтеді. Атыс салдарынан Израиль елшілігінің екі қызметкері қаза тапқан еді, деп хабарлайды ТАСС

Нью-Йорк полициясы Вашингтондағы атыстан кейін діни нысандардағы қауіпсіздікті күшейтеді
Фото: DW

Бұл туралы құқық қорғау органдары X (бұрынғы Twitter) желісінде мәлімдеді.

— Нью-Йоркпен ешқандай байланыс болмаса да, Вашингтонда еврейлер мен израильдіктерге бағытталған бұл жантүршігерлік шабуылға жауап ретінде Нью-Йорк полициясы діни нысандар мен мәдениет мекемелері маңына қосымша патрульдік жасақтар, қарулы топтар мен лаңкестікке қарсы бөлімше қызметкерлерін орналастырады, — делінген хабарламада.

АҚШ әділет министрі Пэм Бондидің айтуынша, шабуыл жасаған күдікті жалғыз әрекет еткен және қазіргі уақытта қамауда отыр.

Қайғылы оқиға Вашингтондағы Вашингтондағы Capital Jewish Museum (Еврейлер мұражайы) маңында болған. Қала полициясының басшысы Памела Смиттің хабарлауынша, бір ер адам және бір әйел (дипломат) қаза тапқан. Олар музейде өткен іс-шарадан шыққан сәтте күдікті оқ жаудырған. Ұсталған кезде ол «Палестинаға бостандық!» деп ұрандатқан.

Айта кетелік Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар