08:25, 09 Қараша 2023 | GMT +5
Нью-Йорк вокзалының алдына жүздеген адам Палестинаны қолдап наразылыққа шықты

Наразы топ 1Палестинаға еркіндік беріңдер», «Мұны тоқтатыңдар», «Израиль – лаңкес ел» деп ұрандатты. Арасында америка әкімшілігін сынға алғандардың да даусы естіліп жатыр.
Акция өтіп жатқан орынға күшейтілген полиция жасағы тартылды, бірақ олар акцияға араласып жатқан жоқ. Қарсылыққа шыққандардың көбі Палестина туын ұстап, «Палестинадағы геноцидті тоқтатыңдар» деген жазуы бар плакат ұстап келген. Бұған дейін акциядан айырмашылығы, бұл жолы тәртіп сақшылары наразы топты вокзал ғимаратына кіргізген жоқ.