Нью-Йоркте алғаш рет көз трансплантациясы жаcалды

NYU Langone Health клиникасының хирургтері әлем бойынша алғашқы адамның көз алмасын ауыстыру операциясын жасады. Науқастың көру қабілеті қалпына келмесе де, бұл операция медицинадағы жаңалықтардың бірі ретінде тіркелді, деп хабарлайды Kazinform бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Операция
Фото: reuters.com

Бетті трансплантациялау операциясынан кейін алты ай өткен соң, көзінің сол жақ бөлігіндегі қан тамырлар жүйесі жұмыс істей бастаған және көз торы қалыпқа келген. 

«Көз трансплантациясының өзі — алға жасалған үлкен қадам. Бұл ғасырлар бойы адамзат ойында болғанымен, осы уақытқа дейін орындалмай келген қадам еді», — дейді хирургтер тобын басқарған Эдуардо Родригес.

Осы уақытқа дейін дәрігерлер көздің алдыңғы мөлдір қабатын ғана ауыстыра алған. 

Реципиент Аарон Джеймс — Арканзас штатынан келген 46 жастағы әскери қызметкер, ол жоғары вольтты электр желісін тартушы болып жұмыс істеген. 2021 жылы оның беті ток өткізетін сымға тиіп, денесі арқылы 7 200 вольттық ток соққан. Салдарынан бетінің сол жағы, мұрны, аузы және сол көзі мен сол қолы қатты жарақаттанған. 

Мамыр айының соңында 140-тан астам хирургтен тұратын топ Аарон Джеймстің сол көзі мен бетінің бір бөлігін трансплантациялады. 21 сағатқа созылған операция туралы CNN жазған болатын. 

«Көз алмасын трансплантациялау — көру қабілеті қалпына келмесе де жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», — дейді Родригес. 

Соңғы жаңалықтар