Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясын ашқан жаңа төрайым Анналена Бербок ұйымға мүше мемлекеттерді соғыстар мен кедейліктен климаттың өзгеруіне дейінгі жаһандық дағдарыстарға қарсы бірігуге шақырды, деп хабарлайды БҰҰ. 

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы ашылды
Фото: news.un.org

Анналена Бербок – Бас Ассамблеяға төрағалық ететін тарихтағы бесінші әйел. Ол 1945 жылы Сан-Франциско конференциясында қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылтайшы Жарғысы бойынша ант қабылдап, өзінің алдында төраға болған камерундық Филемон Янгтан Ассамблеяның әшекейленген балтасын алып, батылдықпен және инклюзивтілікпен басқаруға уәде берді.

Бербок бұл «ерекше сессия» болатынына сендірді, өйткені көпжақты жүйе бір-біріне қайшы келетін дағдарыстар мен тереңдей түскен келіспеушіліктерге тап болды.

Өзінің сөзінже Бербок дүние жүзіндегі миллиондаған адам – Газадағы аштықтан өлген балалар мен мектепке бара алмай жүрген ауған қыздарынан бастап зымыран атқылауынан жасырынып жатқан Украинадағы отбасылар мен үйлерін теңіз жұтып жатқан Тынық мұхиты аралдарының тұрғындарына дейін тап болып отырған ауыр шындықты мойындады. 
Бербок БҰҰ-ның гуманитарлық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, миллиондаған адамның Балалар қоры (UNICEF), Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO) сияқты мекемелерге сеніп отырғаны туралы айтты.

Ол мүше мемлекеттерді реформаларды ілгерілету, өткен жылы қабылданған Болашақ пактісін жүзеге асыру және процедураның өзіне емес, мазмұнына назар аудару арқылы БҰҰ-ны «ХХI ғасырға жарамды» етуге шақырды. 

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы ашылды
Фото: news.un.org

Оның алдағы жылға арналған басымдықтардың қатарында БҰҰ-ның 80-ші реформасының күн тәртібін жүзеге асыру, келесі Бас хатшыны таңдау процесіне жетекшілік ету, сондай-ақ бейбітшілік, тұрақты даму және адам құқықтарын ілгерілетуге көмектесу бар.
Бас хатшы Антониу Гутерриш Бербокты сайлануымен құттықтап, оның көрегендігі мен тәжірибесін жоғары бағалап, үкіметтерді 80 жыл бұрын БҰҰ құру үшін елдерді біріктірген жігерлілікті танытуға шақырды.

Бұған дейін хабарланғандай, БҰҰ Бас Ассамблеясының биылғы тақырыбы – «Бірге жақсырақ: Бейбітшілік, даму және адам құқығы үшін 80 жыл және одан да көп». 

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы ашылды
Фото: news.un.org

БҰҰ Бас Ассамблеясының маңызды бөлігі жоғары деңгейдегі жалпы пікірталас (23-27 және 29 қыркүйек) болады, онда мемлекет басшылары күрделі жаһандық мәселелер мен ұжымдық әрекеттің маңыздылығын қарастырады. 23-27 және 29 қыркүйек күндері өтетін жоғары деңгейдегі жалпы пікірталас БҰҰ Бас ассамблеясының маңызды бөлігіне айналып, онда түрлі мемлекет басшылары күрделі жаһандық мәселелер мен ұжымдық іс-қимылдың маңыздылығына қатысты сөз сөйлейді.

Жалпы пікірталасты Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва ашатыны белгілі. 
АҚШ президенті Дональд Трамп 23 қыркүйекте жалпы пікірталаста сөз сөйлейді, бұл оның екінші мерзімдегі алғашқы сөз сөйлеуі болады, деп хабарлайды Outlookindia.

Алайда АҚШ президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуы туралы ресми мәлімдеме болған жоқ. 

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди БҰҰ-дағы жалпы пікірталасқа қатыспайды, ал елдің атынан Сыртқы істер министрі Субрахманьям Джайшанкар келеді деп күтіліп отыр. 
Израиль, Қытай, Пәкістан және Бангладеш үкімет басшылары іс-шараға қатысатынын растады және 26 қыркүйекте Ассамблеяда сөз сөйлейді.

Бұған дейін Франция президенті Эмманюэль Макрон БҰҰ Бас ассамблеясында Палестина мемлекетін тануға уәде берген еді, бірақ оның бұл мәлімдемені өзі жасау-жасамауы әлі белгісіз.

АҚШ-тың БҰҰ Бас ассамблеясындағы Палестина делегациясына виза беруден бас тартуы Палестина мен Израильдің екі мемлекетті шешіміне арналған бір күндік конференцияны БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінен Женевадағы басқа үлкен орынға көшіру туралы үндеулерге әкелді, деп хабарлайды The Guardian. 

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы ашылды
Фото: news.un.org

Ақ үй Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббас пен Палестинаның басқа 80 шенеунігіне Бас ассамблея сессиясына қатысу үшін виза беруден бас тартты. 1988 жылы АҚШ Палестинаны азат ету ұйымының жетекшісі Ясир Арафатқа Нью-Йоркке кіруге тыйым салған.
Басылымның хабарлауынша, АҚШ лаңкестікке қарсы заңдарға сілтеме жасай отырып Бразилия, Иран, Судан және Зимбабве дипломаттарына да тыйым салуы мүмкін.

Бразилияға келетін болсақ, ықтимал визалық шектеулердің президент Луис Инасио Лула да Силваға немесе БҰҰ саммитіндегі ел делегациясының төменгі деңгейдегі мүшелеріне әсер ету-етпеуі әлі белгісіз.

БҰҰ Бас ассамблеясының мерейтойлық саммитінде қандай іс-шаралар өтетінін мына материалдан оқи аласыз. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейтінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар