Нью-Йоркте оқ жаудырған адамның психикасында ақау болған
АСТАНА. KAZINFORM – Нью-Йорк мэрі мен полициясы Манхэттендегі зәулім ғимаратта атыс кезінде төрт адамның, оның ішінде полиция қызметкерінің қаза тапқанын растады. Тағы бір адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ВВС.

Атқыш өз-өзіне қол жұмсады, оның себептері белгісіз. Билік мәдіметінше, оның психикалық денсаулығында проблемалар болған.
Бұған дейін Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс баспасөз мәслихатында БАҚ-та бес адамның қаза табуы, оның ішінде оқ атқан адам да бар деген ақпаратты растады.
Нью-Йорк полициясының комиссары Джессика Тиштің баяндауынша, Лас-Вегастың 27 жастағы тұрғыны Шейн Тамура деп танылған ер адам қолына М4 автоматымен ғимаратқа кіріп, бірден оқ жаудырып, полиция қызметкері мен тағы екі ер адамды өлтірген.
Содан кейін ол лифтпен Ruden Building Management фирмасы орналасқан қабатқа көтеріліп, сол жерде оқ жаудырған. Кейінірек сол жерде әйелдің денесі анықталды. Содан кейін Тамура фойеге түсіп, өзін атып тастады.
Комиссар Тиштің айтуынша, Тамура үш күн бойы бүкіл ел бойынша саяхаттап, атысқа барар алдында Нью-Йорк қаласына келген.
Нью-Йорк полициясы Лас-Вегас билігінен алған ақпаратқа сәйкес, Тамураның психикалық денсаулығында проблллемалар болған.
— Оның қылмысқа бару себептері тергелу үстінде және біз оның неліктен дәл осы орынды таңдағанын түсіну үшін жұмыс істеп жатырмыз, — деді Тиш.
Бұған дейін Нью-Йорк қаласының Манхэттен орталығындағы зәулім ғимаратта белгісіз адам автомат қаруынан оқ жаудырғанын жазған болатынбыз.