22:50, 01 Мамыр 2015 | GMT +5
О. Селтеев: Н. Назарбаевтың әр сөзі тарихи маңызға ие
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың әр сөйлеген сөзі Қазақстанның стратегиялық дамуында тарихи маңызға ие, деп есептейді саясаттанушы, «Саясаттанушылар конгресі» РҚБ басқарма төрағасының орынбасары - басқарушы директоры Оразғали Селтеев.

Ұлықтау рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттың ауқымды жоспарын таныстырды. Біріншіден, бұл - қазақстандық мемлекеттілікті нығайту жолындағы нақты 100 қадамнан тұратын 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру.
Екіншіден, бұл - жаһандық қауіп-қатерлерді есепке алып, алдағы 10-15 жылда қоғамды дамыту үшін жаңа қуатты серпін.
Үшіншіден, бұл - Қазақстанның алдағы уақытқа нақты болжамы.
Төртіншіден, бұл - институционалдық негіз құрып, істі сапалы сараптамалық-талдаудың негізінде жүйелі түрде жүзеге асыру.
Мемлекет басшысы айтқандай, жаңғырту бойынша ұлттық комиссия құрылады. Оған қазақстандық бизнес және азаматтық қоғам өкілдері кіреді. Сонымен қатар шетелдік сарапшыларды тарту арқылы Халықаралық консультациялық кеңес құру көзделіп отыр.