Ө.Шөкеев: Атом электр стансысын құру бағытындағы жұмыстар жалғасу керек

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Атом электр стансысын құру бағытындағы жұмыстар жалғасу керек.
None
None

Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтты.

Қазақстан ядролық отынды өндіруші ел болып табылатындығын әрі елде мол уран қоры бар екендігін баса айтқан ол: «Отын мен шикізатқа ие бола отырып, атом электр стансысына иелік етпеуіміз қисынсыз. Сондықтан да бізде атом электр стансысын құру бағытындағы жұмыстар жалғасуы керек», - деді.

Дегенмен қор басшысының пайымынша, қауіпсіздік аясында АЭС салынатын орын мен оның моделін таңдауда барынша абай болған жөн.

«Мен мәселенің күн тәртібінде тұрғандығын білемін, әртүрлі пікірлер бар. Дегенмен біздерге бұл мәселені барынша тезірек біржақты етсек дұрыс болады», - деді Ө.Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар