Ө.Шөкеев малайзиялық және сингапурлық компаниялар басшыларымен ұзақ мерзімді әріптестік жайын талқылады

None
None
None

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Куала Лумпурде «Хазанах» холдингінің атқарушы директоры Дато Норазман Абд Азизбен кездесті, деп хабарлады әСамұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі.

«Біздің елдердің нарықтарында қызығушылық тудыратын Қазақстан мен Малайзиядан түскен технологиялық ұсыныстар мен стартап жобалардың бірлескен ортақ тізімін құруды ұсынамыз. Сондай-ақ, Сіздің компания Назарбаев Университеті негізінде Қазақстанның инновациялық потенциалын дамыту мүмкіндігін қарастырады деген үміттеміз. Өз кезегінде бұл біздің инновациялық әлеуетімізді бағалап, технологиялар трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді кездесуде Өмірзақ Шөкеев.

Тараптар «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация бағдарламасын талқылады. Өз кезегінде Өмірзақ Шөкеев «Хазанах» жетекшісін ақпанның 6-7 күндері Астанада өтетін халықаралық форумға шақырды. Шара трансформация бағдарламасының ресми іске асырыла бастауына орайластырылмақ.

Сингапурде Ө.Шөкеев бастаған қазақстандық делегация «Темасек» холдингінің атқарушы директоры Хо Чин ханыммен және Сингапурдың үкіметтік инвестициялық корпорациясының президенті Лим Сион Гуан, Global Investments төрағасы Ын Кхок Сон мырзалармен кездесті. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік жайын талқылады. Атап айтқанда инвестициялық жобаларды тізе қосып, бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктері сөз болды. Осы орайда Ө.Шөкеев «Темасек» холдингімен әріптестікте инновациялық сала басым бағыт екенін ерекше атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар