О.Сүлейменов: қазіргі кезеңдегі міндеттер - өнеркәсіптік ластанулармен күресу

None
None
ПАВЛОДАР. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Танымал әдебиетші және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов Павлодарға сапармен келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақынның сапары «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың 20 жылдығына арналып отыр. Кеше Олжас Сүлейменовты Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қабылдады. Кездесуде аймақтың экономикалық жағдайы мен өңірде қабылданып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Өз сөзінде ақын, аймақ басшылығының белсенді қам-қарекеті көңілге үлкен сенім ұялатып отырғанын айтып өтті. Сондай-ақ павлодарлық студенттермен кездескен қоғам қайраткері оларға республикадағы ядролық қару-жараққа қарсы қозғалыстың тарихы туралы, Семей полигонын жабудағы қозғалыстың рөлі туралы әңгімелеп берді. «Қазіргі кезеңде алда тұрған міндеттер - қоршаған ортаның өнеркәсіптік ластануымен күресу, ядролық қару-жарақты қысқарту жөніндегі әлем жұртшылығының күш-жігерін біріктіру», - деп атап көрсетті өз сөзінде О.Сүлейменов.
Соңғы жаңалықтар