О.Земсков ТМД-ға мүше мемлекеттер Лаңкестік орталығы басшысының орынбасары болып тағайындалды

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының генерал-майоры Олег Земсков ТМД-ға мүше мемлекеттер Лаңкестік орталығы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Мұндай шешім бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер делегациялары басшылары кеңесінің отырысында қабылданды.
None
None

Айта кетейік, отырысқа ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Армения Премьер-Министрі О.Абраамян, Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі Т.Сариев, Молдавия Премьер-Министрі К.Габурич, Ресей Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Тәжікстан Премьер-Министрі К.Расулзода қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға қатысушылар қатарында Әзербайжан үкімет басшысының бірінші орынбасары Я.Эюбов, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары С.Сатлыков, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары А.Икрамов, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы С.Лебедев те бар.

Соңғы жаңалықтар