ОА елдерінің Парламентаралық жиынында Түркістан декларациясы қабылданады

Сенатор Нұртөре Жүсіп Түркістан қаласында өтіп жатқан Парламентаралық форумда сауда экономикалық интеграциялық, инновациялық түрлі салаларлағы байланыстармен қатар Парламенттердің арасындағы заңнамалық құжаттарды қайта бағамдау, сонымен қатар рухани мәселелерге де назар аударылып отырғанын жеткізді.
«Орта Азия елдерінің ынтымақтастығы, мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды одан әрі нығайту, дамыту, осы тұрғыда парламенттердің атқаратын жұмыстарын, заңдық құқықтық негіздемелерді қайта бір қарап, пысықтап, келешектегі осы стратегиялық әріптестіктерді одан әрі қарай теңдете дамыту төңірегінде әңгімелер болады. Сондай-ақ бүгін форумның негізгі күні. Түркістан декларциясы қабылданады деп отырмыз. Сол құжат арқылы мемлекетаралық байланыстарды барынша бекемдеп, нығайту жайы қаралады. Форум алғаш рет өткізіліп отыр және оның маңызы жоғары» - деді ол.
Сонымен қатар сенатор форумда Арал, су мәселесінің талқыланатынын жеткізді.
Айта кетейік, бүгін Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің Парламент аралық бірінші форумы өтіп жатыр.
Фото: ҚР Сенатының баспасөз қызметі