22:32, 15 Наурыз 2014 | GMT +5
ОАР-да нөсер салдарынан ұшақ апатқа ұшырады, барлық жолаушылары қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОАР-дың шығысындағы Квазулу-Натал провинциясында шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады Росбалт.
King Air 90 моделіндегі әуе кемесі Кампердаун қаласы маңындағы Лансериа жергілікті әуежайының ұшыру-қондыру алаңы жанына құлады. Ұшақ құлағаннан кейін өртенді, оның салдарынан борттағы барлық адамдар қаза болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, авиаапатының себебі ауа райының нашар болуынан болса керек - әуежай ауданында нөсер құйып тұрған.