«Облыс әкімінің орынбасарымын»: Өскеменде кәсіпкерден 50 млн теңге алған алаяқ сотталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырып, кәсіпкерден 50 млн теңге алған алаяқ сотталды.

Мошенник сдавал несуществующие квартиры в Астане
Фото: Polisia.kz

Сот материалдарынан белгілі болғандай, алаяқтық жасағаны үшін түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан айыпталушы ұялы телефонға қол жеткізген. Содан кейін ірі кәсіпкерлерге хабарласып, өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырған.

Ол кәсіпкерлерден су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында ақша сұраған. Сотталушы одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіп иелерінің бірінен 50 млн теңге алды. Алайда алаяқтығы анықталып, іс сотқа жетті.

«Сот үкімімен кінәлі деп танылған айыпталушы бұрын тағайындалған жазаны қосқанда 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Өскемен қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар