Облыс әкімі Ақтөбедегі Жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерінің жас отбасына пәтер кілтін табыс етті

АҚТӨБЕ.  Қыркүйектің  4-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбенің  140 жылдық мерейтойы  қарсаңында  облыс әкімі   Елеусін Сағындықов  бүгін  Жасөспірімдер үйі   тәрбиеленушілерінің  жас отбасына бір бөлмелі  пәтердің  кілтін  табыс етті.
None
None

Әсел  Мұлқанова   мен  Максим Чебохиннің    отбасы  құру  туралы   ниеттері      мамыр айында естіген   Елеусін  Сағындықов     жастардың   тойларын  ұйымдастыруға және   пәтер алуларына көмектесуге  уәде берген  еді.    Сол жолы  әкім  жастарға   150 мың теңге көлемінде   ақшалай сыйлық  беріп,      тойларын өткізуге көмектесті.

2009  жылдың  қараша айында  Әсел  мен Максимнің   тұңғыштары  дүниеге келеді.  Елеусін  Сағындықов,  оларға екінші  бала    туылған соң,     баспаналарын  екі  бөлмелі   пәтерге  ауыстыруға көмектесуге уәде  беріп  отыр.

Жетім балаларды  қолдау  туралы  айтқан әкім,     ондай  істердің бірді-екілі  шаралармен шектеліп қалмауы  керек екенін атап көрсетті.

«Біз жетім балаларды  қолдаудың ақтөбелік  үлгісін   жасау  жолында   жұмыс істеп келеміз.    Балалар үйлерінің түлектері    демеушілердің    қаражаты мен  өз тұрғын үй  жинақтарына  баспана алуларына жағдай  жасаудамыз»,  деді әкім өз сөзінде.

Бұл  -   атқарушы биліктің  қолдауымен өз   баспанасына ие  болып отырған   Жасөспірімдер үйі  тәрбиеленушілерінің екінші  отбасы.  Жылдың басынан бері     облыс әкімінің  қолдауымен 10 жетім бала    баспанаға  ие  болды. Жеті     жетім   әкімдіктің  көмегімен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде есепшот ашты және  демеушілерден көмек  алды.      Жақын  арада  олар   да пәтерлерін  алып қалады.

Облыс әкімі сондай-ақ,  биыл   Жасөспірімдер үйінен   ұшырылатын   14 жетім баланың  да жағдайын    ойластыруда.    Демеушілік  қаржы мен    тұрғын үй  жинақтарының    көмегімен    олар  да    өз пәтерлеріне   ақша  жинайтын  болады.

Соңғы жаңалықтар