Облыс әкімі Арал ауданында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауданда жаңа өндіріс орындарының ашылуы жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігінің оңалуына игі ықпал етті. Жүзеге асып жатқан жаңа жобалар аясында жаңа жұмыс орындары ашылды.
Аймақ басшысы алдымен темір-бетон бұйымдары, таскірпіштер шығарумен айналысатын «Аралқұрылыс» ЖШС-нің өндірістік базасына ат басын бұрды. Серіктестік директоры Оразғали Құлмырзаевтың айтуынша, алдағы уақытта темір-бетон бұйымдарын қыс, күз айларында дайындау үшін арнайы жабық ғимаратты салу қолға алынбақ. Жалпы, өндірісті модернизациялап, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 120 млн. теңге қаржы салынуы керек.
Келесі кезекте облыс әкімі «Қамбаш балық» ЖШС-не аялдап, ондағы жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға назар аударды. Серіктестік «Кіші-Арал» өндірістік бірлестігі» СТК және «Оңтүстік» ӘКК-мен бірлесіп, сервистік дайындау орталығын құрды. Аталған серіктестік қазір балық өңдеу ісімен айналысады. Ал болашақта көкөніс қоймасын салуды қолға алуға ниет танытып отыр. Осы жерде Арал ауданының әкімі Нәжмадин Мұсабаев аймақ басшысын өңірлік индустрияландыру картасына ұсынылған инвестициялық жобалармен таныстырды.
Ауданға сапары барысында облыс басшысы өзге де нысандарда болып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті.