Облыс әкімі қаланың жылу орталығы жұмысымен танысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Станцияның айналым жүйесіндегі техникалық суды салқындатуға арналған бұл қондырғы 1975 жылы салынған. Сонан бері жөндеу көрмеген. Үстіміздегі жылы градирняны қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 114 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 50 метрлік мұнараның сырты полимермен қапталған. Бұрын ағаш болатын. Жел қалқандары ауыстырылып, суару жүйесіне «қиғаш жаңбыр» технологиясы енгізілген. Құбырлар мен су тарататын қондырғы жаңартылған.
Мұнан кейін Болатбек Қуандықов «Ақмешіт» шағын ауданындағы теміржол өткелінің үстінен өтетін көпір тіреуінің монолитті бетонын құю рәсіміне қатысты. Жобалық құны 1 674 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын «Бушра» ЖШС жүргізіп жатыр. Әзірге 50 адам жұмысқа тартылған. Қызылордалықтардың көптен күткен көпірі 2010 жылдың қараша айында пайдалануға беріледі. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы тиімді игерілу үстінде. Аталған нысанның бой көтеруіне «Қазақстан темір жолы» ҰК да өз үлесін қосады.