Облыс әкімі маңғыстаулықтар алдында Елбасы қойған міндеттерді атап өтті

None
None
АҚТАУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Мағыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ активімен кездесуінде жұртшылық алдына Елбасы қойған міндеттерді атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Маңғыстау қазір өңірдің маңдайалды облыстарының бірі болып отыр. 2008 жылы жан басына шаққандағы аймақтық Жалпы ішкі өнім өндірісі бойынша (19 мың АҚШ доллары) облыс орташа республикалық көрсеткіштен 2 еседен астам жоғарылап, 2 орынға шықты. Елдің жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі облыстың үлесі 15 пайызға жетті, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,5 трлн. теңгеден асты. Ағымдағы жылы біз өнеркәсіптегі заттай өнім индексінің 107 пайыздан кем болмауын қамтамасыз етуді көздедік. Сондықтан, барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша біз оң қарқынды сақтап қалуға тиіспіз. Мемлекет басшысы бізге осындай міндет қойып отыр. Тұтастай алғанда, қазіргі жағдайда біздің саясатымыз өңірдің одан ары қарай экономикалық өсуін қолдауға бағытталуы тиіс. Бұл орайда ең бастысы, тек өсімге ғана қол жеткізу ғана емес, сонымен бірге оның сапасын арттыру болып табылады», деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. Бұған қоса облыс басшысы атап өткен міндеттердің бірі - көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмысты, оның ішінде концессиялық негізде іске асырылатын жобаларды жалғастыру, осы жылдың аяғына дейін облыстың елді мекендерін газбен және ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету туралы болды. Бұған қажетті инвестициялық жобалар мен 2009 жылға арналған облыс бюджетіне қатысты шешімдер қабылданып, тиісті жағдай жасалған. Аудан, қала әкімдері, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы осы жылдың 1 қазанына дейін осы жоспарға кіретін объектілерді пайдалануға берумен бірге олардың толық іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс. Тағы бір міндет ? қазір бар жұмыс орындарының қысқартылуына жол бермеу, «Жол картасы» аясындағы шаралар және басқа да жобалар арқылы жаңа жұмыс орындарын құру. Облыстағы нақты кәсіпорындардың мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа жұмыс орындарын құрудың нақты жоспары әзірленді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы оның толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Аймақ басшысы «Жол картасының» аясындағы мемлекеттік сатып алу шараларына қатысты барлық жұмысты осы айдың аяғына дейін аяқтауды қатаң талап етті. Осы тапсырманың іске асырылуын бақылауды өзінің орынбасары А. Айтқұловқа жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыс мейлінше ашық және жариялы болуы тиіс. Ол үшін конкурстық комиссия жұмысына депутаттық корпустың, кәсіпкерлік құрылымдардың және қоғамдық ұйымдардың, ең бірінші «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысуы тиіс. «Жол картасын» іске асыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету үшін, ішкі қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган ретінде, қаржы басқармасына қыркүйек айында бөлінген қаражаттардың мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуына тексеріс жүргізуді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар