Облыс әкімі өңірге танымал басшыны қабылдады

ОРАЛ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов 14 қаңтарда «Жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы» Батыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ғилым Қуанышевты алпыс жасымен құттықтап,
None
None

ұзақ жылғы табысты еңбегі үшін алғыс білдірді.

Еңбек жолын 1969 жылы бұрынғы Чапаев ауданы «Родник новый» колхозында (қазіргі Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылы) қарапайым механизатор болып бастаған Ғилым Зайреденұлы әрқашан айналасына іскер жандарды топтастыра білетін ұйымшылдығымен ерекшеленді. Өзінің кіндік қаны тамған туған ауылында мұғалім болып, кішкене өрендерді білім нәрімен сусындатты. 1975 жылдан бастап, колхоздың бастауыш ұйымында, аудандық, облыстық партия комитеттерінде көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Батыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында ең күрделі салалардың бірі ауыл шаруашылығы бөлімін табан аудармастан он жыл бойына басқарды. 2002 жылдан «Жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығы» Батыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнына жетекшілік етіп, жер ресурстары мен жерге орналастыру саласының халыққа үздіксіз қызмет көрсетуіне зор үлесін қосып келеді.

- Облыс басшысымен кездесуде соңғы жылдардағы қуаңшылықтан кейін ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, әсіресе, егіншілікпен айналысатын ірі шаруа қожалықтарын көтеру жолдарын сөз еттік, - деді Ғилым Қуанышев.

Соңғы жаңалықтар