Облыс әкімі тікелей эфир хабарына қатысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әкім сағаты» тікелей хабары ҚР ТРК облыстық филиалының техникалық мүмкіндігі жетілдіріліп, хабарларды тарату арнасының кеңеюімен сәйкес келіп отыр. Облыстық телеарнаның бұл іс-шарасына Атбасар, Щучье аудандарымен қатар Степногор қаласының тұрғындары атсалысып, көңілде жүрген мәселелерін ортаға салды. Бұл ретте жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 183 миллион 210 мың теңге қаржы бөлініп, оның 60 миллион теңгесі игерілген. Нәтижесінде 13 хабар тарату қондырғысы орнатылды. Ал қыркүйек айында бұл жұмыс жалғасын тауып, қалған тоғыз аймақ та қамтылады. Облыс басшысының айтуынша, ортақ іске «Арна Медиа» холдиніг өз тарапынан елеулі үлес қосқан. Келер жылы республикалық бағдарламаға сай сандық телехабарларын тарату шешімін табатын болады. Тікелей хабар барысында өңір басшысы тұрғын үй, жеңілдетілген несие алу, шағын кәсіпкерлікті жандандыруға қолдау көрсету, Жол картасының орындалуы, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялық жобалардың іске асырылуы, жол жөндеу, сапалы су және қалыпты жылумен қамту, Щучье-Бурабай курорты аймағын дамыту жайындағы сауалдарына нақтылы жауап берді.