Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісі өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия төрайымы Рахима Ахметова басқосуда Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекованы 75 жасқа толуымен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Ислам Айеке­новтің айтуынша, өңірдегі әйелдер көшбас­шылығын нығайту барысында атқарылған шаралардың нәтижесінде 2 саяси және 65 әкімшілік-мемлекеттік қызметкер мен аудан­дық мәслихат депутаты жемісті еңбек етуде. Дәрігерлердің - 90, ұстаздар қауымының 80 және әлеуметтік салада қызмет атқаратын­дардың 60 пайызын қыз-келіншектер құрай­ды.

Соңғы жаңалықтар