19:50, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Облыс әкімінің аппарат басшысы тағайындалды
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың өкімімен облыс әкімінің апарат басшысы болып Константин Петров тағайындалды. Сағындық Есімханов бұл қызметтен өз қалауымен босатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Константин Петров 1969 жылы туған. Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын орта мектеп мұғалімі болып бастады. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, қала әкімінің көмекшісі, «Қазхром» АҚ әкімшілік-шаруашылық қызметі цехы бастығының орынбасары, облыс әкімінің көмекшісі, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.