16:22, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Облыс басшысы балалар үйінде болып, «ГАЗель» автокөлігін тарту етті
ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов маусымның 1-інде облыстық балалар үйінде болып, осындағы тәрбиеленушілерді Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Балаларды мерекелерімен құттықтауға арнайы келген облыс басшысы мекемеге «ГАЗель» автокөлігін тарту етті.
Раиса Наурызова басшылық ететін, 2001 жылы ашылған балалар үйінде барлығы 104 тәрбиеленуші болса, соның 30-ы - мектеп жасына дейінгі балдырғандар, қалғандары №5 орта мектепте білім алады. Балалар үйінде музыка, спорт залдары, релакция бөлмесі жасақталған. Онда тәрбиеленушілер арасында алды республикалық, облыстық байқау-жарыстарда жүлде алып жүргендері де бар.
Балалар үйіне «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ үнемі демеушілік көрсетсе, бұл күні тарту-таралғы жасаған басқа мекеме, ұйымдар да аз болған жоқ.