Облыс басшысы бас онкологты қабылдады

ОРАЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 4 ақпанда облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Қазақстан Республикасының бас онкологы, Қазақстанның онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры,
None
None

медицина ғылымдарының докторы Жеткерген Арзықұловты қабылдады.

Облыс басшысымен әңгімелесу барысында Ж.Арзықұлов Орал қаласындағы онкологиялық орталықтың ашылуының Дүниежүзілік обырмен күрес күніне тұспа-тұс келіп отырғанын атап көрсетті.

-Диспансер ең озық диагностикалық құралдармен және емдік жабдықтармен жарақтандырылған, - деді еліміздің бас онкологы. - Бұл жергілікті тұрғындарға жақсы тарту және ол өз жемісін береді.

Сондай-ақ Жеткерген Арзықұлов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша Оралға республикалық онкоорталықтан мамандар тобы келгенін жеткізді.

-2015 жылға қарай ауруды ерте кезінде анықтау арқылы обыр ауруы өлімін азайту міндеті нақты қойылып отыр. Қазір біз сауығу көрсеткіштерін жақсарту арқылы және барлық онкодиспансерлерде қолданылатын ем-домның тиімділік сызбасының сапасын көтеру үшін жұмыстанудамыз. Еліміз тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында барлық деңгейдегі емдеу мекемелерінің желісін үйлестіруіміз қажет, - деді ол.

Ж.Арзықұлов облыстағы обыр ауруына қатысты жағдай жөнінде әңгімелей келе, республикада өлім көрсеткішінің төмендеп келе жатқанына назар аударды. Мұның бәрі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар нәтижесінде іске асуда. 2002 жылдан бері обыр ауруымен науқастанғандар тегін химиялық дәрі-дәрмекпен қамтылуда. Ал 2005 жылдан бастап еліміздегі диспансерлерде сәулелік құралдар жаңартыла бастады. 2008 жылы обырды ерте кезінде анықтауға қатысты екі бағдарлама қолданысқа енгізілді. Осының барлығы өз жемісін бере бастады. Өңірде 10 жыл ішінде бұл кесапатқа қатысты өлім 17 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар