17:11, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Облыс басшысы еңбек ардагерін қабылдады
ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов шілденің 2-сінде еңбек ардагері Сұлтан Аймағамбетовті тоқсан жасқа толуына орай қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сұлтан Аймағамбетов ұзақ жыл облыс аудандарында басшылық қызметтер атқарды. Кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумын басқарып, осы сала мамандарын даярлауға сүбелі үлесін қосты.
Облыс басшысы ақсақалды мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі.