Облыс басшысы майдангерлерге құрмет көрсетті

ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мамырдың 8-інде соғыс және еңбек ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс басшысы Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, бұл келешек ұрпақ үшін де ескірмес өнеге болып қала беретінін атап өтті. Майдангерлер Бисен Жұмағалиев, Қадыр Ғайсин, Хамза Сафин ардагерлерге Елбасы мен Үкімет, облыс басшылығы тарапынан ұдайы қамқорлық жасалып отырғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Соңғы жаңалықтар