Облыс басшысы «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінің делегаттарын қабылдады

ОРАЛ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мамырдың 12-сінде Батыс Қазақстан облысынан баратын «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінің делегаттарын қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс басшысы әлемдік дағдарысқа қарамастан, еліміздің береке-бірлігі ойдағыдай екенін атап өтіп, съезд делегаттарына сәт сапар тіледі. Қазақстанда халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру мақсатында барынша жағдай жасалынып жатыр. Мұндай істер облыста да атқарылуда. Әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу, тұрғындарды ауызсумен қамту, елді мекендерді газдандыру биыл да жалғасады. Әкім мұның бәрі ел игілігі үшін, Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған шаралар екендігін атап өтті. «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезіне Батыс Қазақстан облысынан отыз делегат қатыспақшы.
Соңғы жаңалықтар