Облыс басшысы соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесті

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүздесуде облыс басшысы атап өткеніндей, Елбасымыздың сыңдарлы саясатының арқасында еліміз дағдарыстан қысылған жоқ. Үкіметтің бастамасымен көптеген жобалар қолға алынды. Оның бірқатары жүзеге асты. Қалғандары биыл кезегімен іске қосылады. Жоспарланған жобалар толықтай іске асқанда, еліміздің әл-аухаты бұрынғыдан да жақсара түседі. Өңірде өсімдік майын шығаратын зауыт, күніне 125 тонна ұн шығаратын диірмен пайдалануға берілді. Биыл көктемде сегіз мыңнан аса мал бордақылайтын кешен іске қосылмақшы. Облыста газдандыру жұмысы да қарқынды жүруде. Осы жылы көптеген елді мекендер «көгілдір отын» тұтына бастайды. Барлық жобалар ретіне қарай жүзеге асатын болады.

Жиында соғыс және еңбек ардагері Мұхтар Әжіғұлов облыс әкіміне өзінің шынайы алғыс сезімін білдіріп, жұртшылыққа жаңажылдық тілегін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар