Облыс басшысымен кездесуде жастардың бірқатар ұсыныстары толықтай қолдау тапты

АҚТАУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Алдағы уақыттан бастап Ақтаудағы жоғары оқу орындарында лауазымды қызметкерлер қоғамдық маңызды тақырыптарда дәрістер өткізетін болады, жастар бастамасымен өтетін қандай да бір қоғамдық-көпшіліктік шараларға мәдени, спорттық орындар өз ғимаратын тегін беруі тиіс, «Арман» жастар орталығының жанынан интернет–кафе ашылмақ.
None
None
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен өткен кездесуде өңірдің белсенді жастарының осы сынды бірқатар ұсыныстары толықтай қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұдан басқа қаладағы қоғамдық көліктердің қатынау жиілігін арттыру туралы да ұсыныс айтылып, оны жүзеге асыру үшін әкім тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді. Басқосуда сондай-ақ жастарға бүгінгі дүниежүзілік дағдарыс туралы мәлімет берілді. Ақтаудағы «Арман» жастар орталығында өткен кездесуде жастар басқаратын ұйымдар арасынан облыстық Қазақстан студенттері альянсы, «Жас кәсіпкерлер» қоғамдық бірлестігі, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттер парламенті және өзге де қоғамдық қор жетекшілері аймақ басшысына сауалдарын қойып, жастар өмірінің өзекті мәселелеріне қатысты ойларын ортаға салды.
Соңғы жаңалықтар