Облыс дәрігерлері төл мерекелерін атап өтті

АҚТАУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Кеше мамырдың 12-сі - Бүкіләлемдік медицина күніне орай облыстық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті.
None
None
Салтанатты жиында осы салада ұзақ жылдар қажырлы еңбек етіп, адамдар өміріне араша тұрған дәрігерлер басшылық тарапынан сый-сыяпатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ж. Қараев та қатысып, дәрігерлерді мейрамдарымен құттықтады. Сондай-ақ ол бірқатар озат медицина мамандарына облыс әкімі атынан құрмет грамоталары мен алғысхаттар табыс етті. Мереке кезінде Маңғыстаудың алғашқы медбикелерінің бірі, жергілікті дәрежедегі дербес зейнеткер, ардақты ана М.Тышқанбаеваға арнап орнатылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды. Жиынға қатысушылар оның өз мамандығының білгірі, адами қасиеттері жоғары, айналасына өте мейірбан жан болғанын айтып, еске алысты. «Дәрігерлер адам жанының арашашысы болып, талай жанды аман алып қалып жатса, сол денсаулық сақтау майданының алғы шебінде жүрген ? медбикелер. Алғашқы жәрдем көрсетіп, күн-түн демей науқастардың қасында жүріп, оларды күтіп, баптап, халықтың алғысын алып жүрсіздер. Осындай зор еңбектерініз үшін сіздердің алдарыңызда бас иеміз», - деді облыс әкімінің орынбасары Ж. Қараев.Жиын соңында облыстың танымал өнер жұлдыздары концерт қойды.
Соңғы жаңалықтар