Облыс орталығында аудандар мен қала өнерпаздары концерт қоймақ

ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында аудандар мен қала өнерпаздары концерт қойып, шығармашылық есебін бермек.
None
None

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырхановтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл шара барысында өнерпаздардың шеберлік деңгейі сарапқа салынып, сонымен қатар жас дарындарды анықтауға ерекше мән берілмек. Жастар мәдениет үйінде өтетін шығармашылық есеп концертін қаңтардың 29-ында Бөрлі ауданы бастаса, ақпанның 5-інде Зеленов жалғастырады. Шараны наурыздың 27-сінде оралдықтар қорытындылайды.

Соңғы жаңалықтар