Облыс орталықтарында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлер конкурсына арналған семинарлар өтуде

Онда ұйымдастырушылар осы жолғы «Алтын сапа» конкурсының және «Қазақстанның үздік тауларары» конкурс-көрменің жаңалықтары турасында әңгімелейді, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.
Семинарлар қазақстандықтардың техникалық реттеу және сапа менеджменті, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Кедендік одақтың құрылу процестері туралы ақпарат алуын арттыруға бағытталған. Бұндай іс-шаралар қазірдің өзінде Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Павлодар қалаларында өткізілді. Шілде айының соңына дейін осындай кездесулер еліміздің барлық облыс орталықтарында өткізілетін болады.
Семинарлардың бағдарламасында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің, облыс әкімдіктерінің, Қазақстан стандарттау және сертификаттау, Метрология институттарының, Ұлттық аккредиттеу орталығының өкілдері сөз сөйлейді деп жоспарланған.