Облыс прокурорлары мектеп оқушыларына интерактивті сабақ өткізді

АҚТАУ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыстық прокуратура қызметкерлері мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны ескерту мақсатында облыс бойынша 30 мектепте интерактивті сабақ өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше облыс прокурорының орынбасары А.Тұрсынбеков Ақтау қаласының №10 мектепте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны ескерту мәселесі бойынша интерактивті сабақ өткізді. «On-line» режиміндегі бұл сабаққа облыс қалалары мен аудандарынан 400-ден астам жоғарғы сынып оқушылары қатысты.Оқушыларға сабақ өткізу барысында кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған әкімшілік материалдар мен қылмыстық істер бойынша мысалдар мен статистикалық көрсеткіштер келтіріліп, құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдердің заң бойынша жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді. Сонымен қатар прокуратура органдарының жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны ескертудегі рөлі туралы айтылды. Облыс прокурорының орынбасары тақырып бойынша оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Мұндай шаралар аймақтағы басқа да білім орындарында ұйымдастырылды.
Соңғы жаңалықтар