10:46, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Облыста мемлекеттік тілді дамытуға 40 миллион теңге бөлінеді
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы Мемлекеттік тілді оқыту орталығын кеңейтуге және оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға биыл 40 миллионнан астам теңге бөлу қарастырылған.
ҚазАқпарат тілшісі бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлап отыр. Облыста Тілдерді қолдаудың және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, Елбасының «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. «Мақсатты жұмыстардың нәтижесінде былтыр барлық мемлекеттік органдарда ресми құжаттарды 100 пайыз мемлекеттік тілде әзірлеуге қол жеткізілді», деп атап көрсетті облыс әкімі Бөрібай Жексембин жақында халық алдында берген есеп беру жиналысында.