Облыстағы саяси партия филиалдары Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

АҚТАУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ақтауда облыстағы саяси партия филиалдары Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңеске қатысқан барлық партия өкілдіктерінің жетекшілері ғаламдық дағдарыстың кері салдарын еңсеру үшін өзара ықпалдастықтың қажет екенін айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Қ.Көшербаев әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс жағдайында қоғамдағы саяси-әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатындағы ынтымақтастыққа ықылас танытқандары үшін партия жетекшілеріне ризашылық білдіріп, Қоғамдық кеңестің қызметін үйлестіретін жұмыс тобының отырыстарын әр айдың соңғы жұмасында тұрақты түрде өткізуді ұсынды. Партия филиалдары жетекшілерінің Қоғамдық кеңесте қабылдаған ұйғарымдары жергілікті атқарушы орындарға ұсыныс ретінде жолданатын болады.
Соңғы жаңалықтар