Облыстағы үздік кеденші атанды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Облыстық кедендік бақылау департаментінде ?Жылдың үздік кеденшісі? байқауы мәресіне жетті.
Оған отыздан астам талапкер қатысып, өз бағын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтық сайысқа шыққан бес үміткер түрлі талаптар бойынша өздерінің білімі мен біліктілігін дәлелдей білді. Алдымен өзін-өзі таныстыру талабын орындаған кеденшілер одан кейін сан алуан сынақтардан өтті. Байқау қорытындысында департаменттің кедендік кірістер басқармасының маманы Айгүл Тұяқбаева үздік деп танылды.
Соңғы жаңалықтар
telegram