Облыстық аурухананың кардиология бөлімшесінде жаңа қондырғы іске қосылды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық ауруханасының кардиология бөлімшесінде «Модулист-SOC» толқынды аппарат арқылы жүрек сырқаттарына отасыз ем жасау қолға алынды.
None
None
Жергілікті дәрігерлерге Германияның тәжірибелі мамандары Гуидо Каснер мен Эрнест Марлин Хаус көмек қолын ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық аурухананың бас дәрігері Руслан Баймұқановтың айтуынша, бұл соңғы екі жылда қолға алынып отырған екінші игілікті іс- шара. Бұған дейін жүрек-қан тамырлары дертін емдеуге қажетті озық технологиялық жарақтар сатып алынып, іске қосылса, енді міне кардиологиялық сырқаттарды емдеуде әлемде теңдесі жоқ медициналық құралға қол жеткізілді. Жүрек сырқаттарына отасыз көмек көрсете беретін толқынды аппарат арқылы қауіпті аурулардың алдын алуға болады екен. Аталмыш аппарат Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 жылдан бастап жұмыс жасайды. Германияда 7 жылдан бері қолданысқа енгізілген. Айтулы қондырғы Ресейде екеу болса, біздің елімізде де екіншісі іске қосылды. Оған 95 миллион теңге қаржы жұмсалды. Ең бастысы адамдарды жүрек дертінен аман алып қалу мүмкіндігі туды. Мұндағы ем қабылдау ұзақтығы бас-аяғы 20 минут, дертке шалдыққандар осындай емді 9 рет алуы қажет.
Соңғы жаңалықтар